Мы в социальных сетях:
Мультимедийный центр традиционной музыки

Выступления в СМИ

Шын мәніндегі ел патриоты болса дейміз..."

   Алдыңғы қатарлы мектептер жайында көп айтып, жиі жазамыз. бұл жолы таныс емес мектептің оқушыларымен бірге мұражай араладық. Алматы қаласындағы № 14 жалпы білім беретін мектепте әртүрлі ұлттың өкілдері топтасқан. Қазіргі кезде " Мәңгілік ел" идеясын мүмкіндігенше балалардың санасына сіңіруге тырысып жатырмыз.Сол үшін бүгін "Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына" алып келіп отырмыз. Іштей "қазақтың ұлттық аспаптарына бұл балалар қызыға қояр ма екен?" деген күдік басым болды. Алайда мұражай экскурсоводының әрбір сөзін мұқият тындап сұүрақтар қойып тұрды. Абай домбырасының маңына барып суретке түсіп Дина Нұрпейісованың ескерткіш бюстіне тағзым етіп жатты.

    Елбасы Н.Н.Назарбаевтың орталықтың ашылу салтанатына сыйлаған домбырасын тамашалап мұражайға қойылу тарихымен танысты. Мультимедиялық залға кіргенде балалар қазақ даласының дархандығын, музыкасының құдіреттілігін сезіне білді. Кең залдың төрт бұрышына 3D форматтағы экран қойылыпты.Экраныдағы көрініс "Әлди жырымен" басталады, одан кейін "Батырлар жыры", әр замандағы қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар мұрасы болып жалғасып кете береді. Бұл залда үш тілде мағлұмат алуға болады.Өзіңнен өзін рухтанып, құдды бір музыкалық ем кабинетіне кіргендей сезімде болдық. бірде қуанасын , бірде мұнаясын.   

    Орталықты аралап болғаннан кейін үлкен ризашылығымызды білдіріп "рахмет айттық " . Балаларға осындай тәрбие беріп жатқан ұстаздарға басымызды идік! Өздері: "Біздің мақсатымыз балаларға Қазақстанды шексіз жақсы көргізудің жолын іздеу", - дейді.

 

"ҰЛАН" Республикалық балалар газеті. Алматы қаласы, Желтоқсан к-сі 17Б үй

№37, 12 қыркүйек 2017 жыл

Мақала авторы: Ж.Аймаханқызы

26.09.2017

02.06.2017