Мы в социальных сетях:
Мультимедийный центр традиционной музыки

Выступления в СМИ

Бес күнде мультимедиялық орталыққа 3280 оқушыны қабылдадық

Алматы қаласы Алатау ауданы нағыз мәдени орындардың орталығына айналып келеді."Алатау дәстүрлі"өнер театры, "Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы","Алматы арена " кшені алматылықтардың ең сүйікті орнына айналған.Орталықты 2016жылы Елбасының тапсырмасымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына,Алматы қаласының 1000жылдығына орай ашылған.Қазақтың өнер тұлғаларының жәдігерлерін де осы орталықтан таба аласыз.Бұл орталықтың ерекшелігі -3d мультимедиялық залы мен 3d галограммада.Жақында Алатау ауданының әкімідігі мен Алматы музейлер бірлестігінің директоры Нұрлан Дүкенбаев музейге келушілер үшін тосын сый жасады. Алатау ауданның оқушылары алғашқы оқу жылын жаңа бастаммен бастады.3280 астам оқушылар бес күнде музейді тамашалауға мүмкіндік жасалды.Сондай-ақ орталықта "Жұлдызды гид",көрмелер,кездесу сағатары,лекциялар жүйелі түрде өтіп тұрады. Республика көлеміндегі балалар үйімен жақсы қарым қатынаста жұмыс атқарып келеміз."Жұлдызбен музейде" атты қызықты жоба ұйымдастырдық.Оның мақсаты "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында жас ұрпаққа өткен тарихы мен бүгінмен ұштастыра түсіндірулер жүргізілді.Әсіресе қазақтың киелі домбырасымен АҚШ, Еуропа, Қытай елдерінде өнер көрсетіп жүрген жас актер, әнші, Рамазан Амантайұлының жүргізген экскурсиясы оқушылардың жадында көпке дейін сақталары хақ.Бұл жоба әр айдың он тоғызы күні жалғасын табуда.  

 Роза  Каженова Жүнісқызы

 Алматы музейлер бірлестігінің мәдени -танымдық бөлімнің маманы 

"Алматы ақшамы" газеті

27 қыркүйек 2017 жыл

                                                                                                                                                                

26.09.2017

02.10.2017