Мы в социальных сетях:
Мультимедийный центр традиционной музыки

«Қазақтың жыр жауһары» атты Сыр мектебінің өкілі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосыновамен кездесу өтті. 

2019 жылдың 5 наурыз күні Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында дәстүрлі музыка мектептерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандарға, сонымен қатар, өскелең ұрпаққа түсінікті форматта насихаттау аясында «Қазақтың жыр жауһары» атты Сыр мектебінің өкілі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосыновамен кездесу өтті. Сыр бойы өңірінің әншілік мектебінің белгілі өкілі Нартай сырнаймен ән айту өнерінің дәстүрлі мектебін қалыптастырса, Сыр бойы өңірінде қазақ халқының аспапты-музыкалық мәдениетінде ерекше орын алатын «шертпе» және «төкпе» күй мектебі қатар дамыды. Осы екі мектептің Сүгір, Әлшекей, Бапыш секілді дарынды өкілдері өз жанынан небір күй шығармаларын дүниеге әкелді. Мұндай киелі өнердің ұмытылып кетуіне жол бермей, оның жаңғырту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан, аға ұрпақ тұлғалар жыршыларының сара жолын жалғастырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізушілердің бірегейі – Байбосынова Ұлжан болып саналады. Іс-шара барысында Ұлжан Мәлікайдарқызы Қазақтың дәстүрлі жыр өнері туралы сыр шертіп, қазақтың жырларын орындап берді. Сондай-ақ, балалардан құралған "Әлқисса" музыка ансамблі күй орындады.

05.03.2019