Музейный час "Махамбет күйлері"
Бүгін Мультимедия дәстүрлі музыка орталығында "Махамбет күйлері" атты музей сағаты және мектеп оқушылары арасындағы жазғы лагерьге қабылдау маусымының ашылу салтанаты өтті. Атаулы сәттің шымылдығын ашуға А. Қарсақбаева атындағы №41 орта мектеп оқушылары мен жетекшілері келген болатын. Мектеп оқушылары атаулы музей сағаты кезінде Махамбет Өтемісұлы домбырасының ерекшелігі мен күйлері жайлы ақпараттар алып, музейде орналасқан ұлттық аспаптармен танысып, мультимедиялық залда көрсетілген бейнероликті тамашалай алды.
Осындай арнайы жазғы демалыс лагері кезінде балалардың көптеген демалыс орындарына барып, көңілдерін көтеретіні сөзсіз. Дегенмен, осындай демалыс күндерінде балалар санасын рухани азықпен де толықтыруға көңіл бөлетін мектеп директорлары мен жетекшілеріне алғысымыз шексіз дей отыра, өзге де мектеп оқушыларын қабылдауға әрқашан дайын екенімізді, болашақ жастарға деген сеніміміздің зор екенін айтқымыз келеді.
22.06.2018Объединение музеев города Алматы
Дом-музей Д.А.кунаева
Музей Алматы
Мемориальный музей Н. Тлендиева
Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа
Литературно-мемориальный музейный комплекс С.Муканова и Г.Мусрепова
Музей Д.А.Кунаева
ИНФОРМАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ