Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Оңтүстік Қазақстан және Сыр өңірі дәстүрлі музыка мектебі

     Оңтүстік Қазақстан мен Сыр бойы өңірінде Шортанбай, Мәделі, Шораяқтың Омары, Нысанбай, Балқы Базар, Нұртуған, Кете Жүсіп, т.б атақты ақын-шайырлар мен жыраулар өмір сүрді. Олардың телегей-теңіз жыр-мұралары арқылы қазақ халқының басынан өткен сан ғасырлық тарихы бүгінгі ұрпаққа жетті.

       Оңтүстік және Сыр өңірінде қазақ халқының аспапты-музыкалық мәдениетіндеерекше орын алатын "шертпе" және "төкпе" күй мектебі қатар дамыды. Осы екі мектептің Сүгір, Әлшекей, Бапыш, Төлеген, секілді дарынды өкілдері ойлы, мұңлы, терең де сыршыл, асқақ та әуезді күйлерді дүниеге әкелді.

31.07.2017