Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Қобыздың шығу тарихын білесің бе, балақай ?

     Қобыз – қазақ халқының көнеден  қалған музыкалық аспабы. Ұлттық мәдентетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген .  Халық аңызы мен Орта азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда , ғасырлардың сырын жетелейтін қоныр үнді киелі аспапты 8-9 ғасырларда Қорқыт жасаған деседі.

   Қобыздың шығу тарихы туралы бірнеше пікірлер бар.Музыкант  Бектай Әлімбай « Қобыз қайдан шықты?  »  атты мақаласында:» Жалпы, ішекті аспаптарымыздың шығу тарихын,бұлардың қалай, қашан пайда  болғанын бірден «былай еді» деп, дәл айту өте қиын». Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша ,

ішекті аспаптар негізінде десе, бірі ұрмалы аспаптар негізінде пайда болған деген пікірлер бар.

     1-ден,  Ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды дегенг пікірге келер болсақ , ежелден жауынгер халық  дабыл, даңғыра, керней секілді аспаптарсыз жорыққа шықпаған. Олар бірін дыбыстық ерекшеліктеріне қарай, олардың бірін – сапқа тұруға , екіншісін – атой салуға , енді бірін – ұрысты тоқтатуға пайдаланған.

     2-ден, Қобыздың  арғы  садақтан  шыққаны  ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия   ғалымдары ның  кейбір деректеріне  қарағанда, ғасырлар сырын  жетелейтін  қоңыр  үнді  киелі  аспапты  8-9ғ  Қорқыт  жасаған  деседі.

   Кешегі Ықылас -  қобыздың атасы, Құрманғазы –күй атасы , бірақ олар қобызды ойлап табушылар емес, олар осы жанрды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізген жалғастырған алтын көпір дәулескер күйші, саңлақ сазгерлер.    

22.11.2017