"Махамбет күйлері" атты музей сағаты
Домбыра аспабы - еліміздің барлық өңірін қамтып, күй өнерін қалыптастырған киелі аспап. Осындай аспапты сөйлете білген, батыс күйшілік өңірдің тумасы Махамбет Өтемісұлы. Махамбет қазақтың көрнекті ақыны. Оның ақындық шығармашылығы бүгінде қазақ халық поэзиясының алтын қорына енді. Махамбеттің өмірі, өлең-жырлары әдебиеттен жақсы белгілі, дегенмен қысқаша болса да күйшілік өнерін қарастырсақ. Күйшінің көптеген күйлері бізге жетпеді. Оның күйлері көбіне туған жер өңірінде орындалып жүрді. Махамбеттің музыкалық мұрасы, оның өлең-жырларымен тығыз байланысты.
Махамбеттер аңсаған адамгершілік мұратын ту етіп көтерген біздің дәуірде Махамбеттің аты өлуші ме еді, сөзі өлуші ме еді, тегі өлуші ме еді. Ендеше, сондай сұңғыла азаматтың сезімінің сергек дірілін өз үні, өз тынысымен жеткізгісі келген жүрекжарды сырларының күміс құймасы –күйлері неге ұмытылсын!
Осы және өзге де ақпаттармен танысып, күйлерін тыңдағыңыз келсе, 22.06.2018 Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына сағат 10.30 де "Махамбет күйлері" атты музей сағатына шақырамыз.
Мекен-жайымыз: Алматы қ, Алғабас ы.а. 5/11 Almaty art center, 3 қабат
21.06.2018Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР