Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

"Махамбет күйлері" атты музей сағаты

Бүгін Мультимедия дәстүрлі музыка орталығында "Махамбет күйлері" атты музей сағаты және мектеп оқушылары арасындағы жазғы лагерьге қабылдау маусымының ашылу салтанаты өтті. Атаулы сәттің шымылдығын ашуға А. Қарсақбаева атындағы №41 орта мектеп оқушылары мен жетекшілері келген болатын. Мектеп оқушылары атаулы музей сағаты кезінде Махамбет Өтемісұлының домбырасының ерекшелігі мен күйлері жайлы ақпараттар алып, музейде орналасқан ұлттық аспаптармен танып болып, мультимедиялық залда көрсетілген бейнероликті тамашалай алды. 

Осындай арнайы жазғы демалыс лагері кезінде көптеген демалыс орындарына барып, көңілдерін көтеретіні сөзсіз. Дегенмен, осындай демалыс күндерінде балалар санасын рухани азықпен де толықтыруға көңіл бөлетін мектеп директорлары мен жетекшілеріне алғысымыз шексіз дей отыра, өзге де мектеп оқушыларын қабылдауға әрқашан дайын екенімізді, болашақ жастарға деген сеніміміздің зор екенін айтқымыз келеді. 

22.06.2018