Ұлттық домбыра күні
Әрбір қазақ үшін домбыра аспабы - ұлтымыздың символы. Домбыра бағзы заманнан бері халқымызбен бірге біте қайнасып келеді. Күмбірлеген домбыраның қоңыр үні ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарымызды әуенмен жеткізіп келеді. Осындай киелі аспаптың үнін асқақтатып, оны дәріптеу, насихаттау негізінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен осы жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Аталған мерекеге орай, 1 шілде күні Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы оқушылар және өзге ұлттық өнерге қызығушыларға арнап ашық есік жариялады. Соның нәтижесінде, Алатау ауданы спорт мектебінің 6-8 сынып аралығындағы мектеп оқушылары мен жетекшісі қонақ болды. Жастарды ұлттық мәдениетті сүюге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық музыка туындыларын және оларды жеткізуші тұлғалар жайлы таныстыру жұмыстарымен айналысқандар орталық экскурсоводы Мырқаев Жанболат, ғылыми қызметкерлер Рашидов Рустам мен Есенбаева Дильфуза болды.
02.07.2018Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР