«Қазақтың салт-дәстүрлеріндегі материалдық емес мәдениеттің үлгілері» атты дөңгелек үстел
2018 ж. 6 қараша күні Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультеті бірлесіп Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Қазақтың салт-дәстүрлеріндегі материалдық емес мәдениеттің үлгілері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында атаулы тақырыпқа байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Орталық Азия университетінен аға оқытуы мұғалімдер мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі мен ғылыми қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамалар жан-жақты талқыланып, Қазақтың салт-дәстүрлеріндегі материалдық емес мәдениеттің үлгілеріне қатысты көптеген пікірлер талқыланып, оның ішінде материалдық емес құндылықтарды қорғайтын есепке алатын ЮНЕСКО міндеттері мен мақсаты жайлы түсіндіріліп, музыка әлемін жеткізуші тұлғалардың орындау ерекшелігі, музейлердің материалдық емес құндылықтарды насихаттаушы мекеме ретінде алатын орны, оралмандардың, моңғолия қазатарының материалдық емес құндылықтары жайлы талқыланып, материалдық емес құндылықтарға не нәрселерді жатқызатыны анықталып, қорытынды жасалды.
09.11.2018Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР