Мультимедия залы Ермек Серкебаев және оның дәуірі" атты бейнекөрсетіліммен толықты
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы Елбасы Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә Назарбаевтың тапсырмасымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай 2016 жылы 16 қыркүйек күні ашылды. Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында қазақ халқының ән, күй, ақын-жыраулық өнерін жасаушы және бүгінге жеткізуші өнер тұлғаларының аспап-мұралары орналасқан. Орталықтың ашылу мақсатының бірі – заманауи озық 3D технологияларды музей саласына енгізу арқылы бай және көркем болып табылатын қазақтың дәстүрлі музыка өнерін халыққа және келешек ұрпаққа насихаттау, қазақ мәдениетімен танысуға келген шетел азаматтарының қызығушылықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Орталықтың бел ортасында орналасқан голограммадан төрт өңірдің белгілі өкілдерінің орындауында танымал ән-күйлер мен жырларды тыңдай аласыз. Келесі мультимедиялық зал арқылы қазақ халқының сан ғасырлық өнері мен мәдениетіне саяхаттай отырып, әр өңірде сақталған музыкалық өнерімізбен бай рухани-мәдениетіміздің терең тарихымен танысатын боласыз. Үстіміздегі жылдың қараша айынан бастап мультимедия залы XX ғасырдың 60-70 жылдардағы алтын дауыс атанған «Ермек Серкебаев және оның дәуірі» атты бейнематериалмен толықты.
Енді мультимедия залында сағат 10.00 ден 14.00 дейін «Ғасырлар үні», сағат 14.00 ден 19.00 ге дейін «Ермек Серкебаев және оның дәуірі» атты бейнематериал көрсетіледі.
13.11.2018Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР