Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Дәулетбек Садуақасұлының 80 жылдығына орай «Арқаның дәулескер күйшісі – Дәулетбек» атты методологиялық семинар өтті
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мен елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, «Көкіл» жалпы білім беретін мектеп-колледжі және Қарағанды облыстық «Күй керуен» шертпе күй орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 қарашасында сағат 11.00-де Арқа күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, күйші Дәулетбек Садуақасұлының 80 жылдығына орай «Арқаның дәулескер күйшісі – Дәулетбек» атты методологиялық семинар өтті.
Семинарда ҚР мәдениет қайраткері, «Көкіл» жалпы білім беретін мектеп-колледжінің директоры, атақты күйші Райымбергенов Абдулхамит Ысқақұлы күй өнерінің ерекшеліктері жөнінде, бүгінгі таңда мектеп қабырғасында музыка пәнінде жалпы ұлттық музыканы оқытудың қыр-сырларымен таныстырды. Мәдениет қайраткері Абдулхамит Ысқақұлы өзінің "Мұрагер" атты оқу бағдарламалық жүйесімен ұстаздар қауымын таныстырды. Бүгінде әке жолын қуған Қарағанды облыстық «Күй керуен» шертпе күй орталығының директоры, күйші Сәдуақасов Қайролла Дәулетбекұлы өзінің шертпе күй орталығының жұмыс тәсілдерімен, Арқа күйшілік мектебінің өкілдері туралы мағлұмат жинау жұмыстарымен, сондай-ақ, әкесі Дәулетбек Садуақасұлының күйлерінің туындау тарихы һәм өмір жолынан тереңінен сыр шертті. Іс-шараның арнайы қонақтары күйдің туындау тарихын айта отырып, күй шертіп ұстаздардың қазақы рухын бір серпілтті. Іс-шара соңында қатысқан ұстаздар қауымына сертификат табыс етілді.
16.11.2018Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР