Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

«Ұлы даланың жеті қыры – ұлт мәдениетінің өзегі» атты дөңгелек үстел

2019 жылдың 24-қаңтарында Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Алатау аудандық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылуымен «Ұлы даланың жеті қыры – ұлт мәдениетінің өзегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының маңызы талқыланып, «Алматы Өлкетану» оқулығының авторларының бірі Г.С. Асанбекова  және Қ.А. Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Қ.О. Жанықұлов бағдарламалық мақала аясында баяндамалар жасады. Сондай-ақ, Елбасының мақаласында көтерілген мәселелердің бірі мектептер мен барлық өңір­лер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан тари­хи-археологиялық қозғалыстар құру талқыланды. Нәтижесінде Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Атамекен» тарихи өлкетану үйірмесін» құру жөнінде шешім қабылданып, үйірменің ұйымдастырылу мақсаты, жұмыс бағыты, жоспарлары таныстырылды. Дөңгелек үстелге Бостандық ауданына қарасты М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның және Алатау ауданына қарасты мектептердің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары қатысты.  

24.01.2019