Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Атамекен» тарихи-өлкетану үйірмесі құрылды

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талдау және жүзеге асыру мақсатында Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы мен Алатау аудандық білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырылуымен 2019 жылдың 24 қаңтарында «Ұлы даланың жеті қыры – ұлт мәдениетінің өзегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында бағдарламалық мақаланың маңызы талқыланды. Дөңгелек үстелде «Алматы Өлкетану» оқулығының авторларының бірі Г.С. Асанбекова «Алматы Өлкетану» оқулығының ерекшелігі, оқулық материалдарының пәндер бойынша қарастырылуы және оның мәні мен маңызы» атты баяндама жасады. Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның мұғалімі, ҚР оқу ісінің үздігі Гүлмира Сағатқызы баяндамасында «Алматы Өлкетану» оқулығының мазмұнымен таныстырып, Өлкетану пәнінің кейбір сабақтарын музейде өткізсе оқушылардың Қазақтың өткен тарихына деген қызығушылығы арта түсетіндігін атап өтті. Сонымен бірге, Қ.А. Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Қ.О. Жанықұлов «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының тарихи маңызы» атты тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ, іс-шара барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген мәселелердің бірі мектептер мен барлық өңірлер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан тари­хи-археологиялық қозғалыстар құру талқыланды. Нәтижесінде Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Атамекен» тарихи өлкетану үйірмесін» құру жөнінде шешім қабылданып, үйірменің ұйымдастырылу мақсаты, жұмыс бағыты, жоспарлары таныстырылды. Дөңгелек үстелге Бостандық ауданына қарасты М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның және Алатау ауданына қарасты мектептердің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары қатысты.  

25.01.2019