Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы" бесінші бөлімі аясында орталығымызда "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. "АРДИ" мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы қауымдастығынан келген қонақтарымызға ұлттық өнеріміз, дәстүрлі ән, жырлар, күйлеріміздің шығу тарихы туралы мағлұматтар берілді. Кез-келген мүмкіндігі шектеулі жандардың жүздеріне қуаныш сыйлау, бауырмалдыққа, кішіпейілдікке баулу біздің басты мақсатымыз. Экскурсия соңында қонақтарымыз "Алатау" дәстүрлі өнер орталығының жастары, дәстүрлі әншілердің орындауындағы Жетісу, Сыр өңірі, Батыс және Арқа өңірінің күйлерін, дәстүрлі әндерді орындауын тамашалап, ризашылығын білдірді. Орталық қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
15.02.2019Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР