Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

"Атамекен" тарихи өлкетану үйірмесінің "Археология - ақсүйектер ғылымы" атты кезекті отырысы өтті

Музей жанынан құрылған "Атамекен" тарихи өлкетану үйірмесінің "Археология - ақсүйектер ғылымы" атты кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында үйірме мүшелері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, археолог-ғалым Жұматаев Ринат Серікұлымен кездесті. Археолог-ғалым Ринат Серікұлы Археология ғылымының қалыптасу тарихы, соңғы уақыттағы әлемдік деңгейдегі жаңалықтары, еліміздегі археология саласының дамуы жөнінде баяндама жасады. Әсіресе, археология ғылымындағы соңғы технологиялардың қолданылуы, құнды жәдігерлердің жасын анықтау, ежелгі адамдардың генетикасын анықтаудағы генетикалық зерттеулердің маңызы жөнінде әлемдік соңғы ақпараттар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, Ринат Жұматаев өзі қазба жұмыстарына қатысқан "Шілікті" патша обалары, "Шілікті алтын адамының" тарихы, аң стиліндегі жасалған алтын бұйымдардың құндылығы жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында үйірме мүшелері (мектеп оқушылары) өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қоя отырып, құнды мәліметтер алды. "Атамекен" тарихи өлкетану үйірмесі айына бір рет ұйымдастырылады. Тарихи өлкетануға қызыққан мектеп оқушыларын үйірмеге мүше болуға шақырамыз.

11.04.2019