Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Орталықта "Домбырада ойнаудың әдіс-тәсілдері" атты шеберлік сағаты өтті

Бүгін Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында "Домбырада ойнаудың әдіс-тәсілдері" атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатта №181 мектеп оқушыларына Халықаралық конкурстардың лауреаты Аслан Гумаров домбыра тартудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ, Аслан Гумаров пен "Алатау" музыкалық-фольклорлық ансамблінің орындауындағы қазақтың танымал күйлері көрермендердің көңілінен шықты.

24.04.2019