Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Музей түні - 2019

Құрметті Алматы қаласы тұрғындары мен қала қонақтары сіздерді 17 мамыр күні сағат 19.00 ден түнгі 01.00 дейінгі аралықта Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Халықаралық музейлер туніне арналған «Музей түні - 2019» іс-шарасына шақырамыз. Сол кеште «Әлқисса» домбыра студиясы, театрландырылған интерактивті экскурсия, күй тартыс, шеберлік сағаттар және «Біржан сал» көркем фильмі көрсетіледі. 
Кешіміздің негізгі бөлімінде «Ғасырлар үні» атты дәстүрлі әншілердің гала-концертімен жалғасын табады. Гала-концертте «Алатау», «Қос-арна» этно-фольклорлық топтары және эстрада әншілері өз өнерлерін көрсететін болады. Келем деушілерге есігіміз айқара ашық. 

17.05.2019