Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында "Музей түні - 2019" іс-шарасы өтті
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында 17 мамыр күні "Музей түні" іс-шарасы өтті. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының «Музей түні – 2019» іс-шарасы концерттік бағдарламасының бірінші бөлімінде «Әлқисса», «Мұрагер» домбыра ансамблдері мен «Үміт», «Сылқым» бишілер тобы өз өнерлерін көрсетті. «Музей түні - 2019» атты іс-шарасының екінші бөлімі «Ғасырлар үні» атты дәстүрлі әншілердің гала-концертімен жалғасын тапты. Дәстүрлі әншілердің концертінде "Алатау" фольклорлық ансамблі мен "Алатау" театрының бишілері және Жасұлан Сақаев, Жасұлан Қазақия, Қанат Бүрлен т.б. дәстүрлі әншілер мен жетіген, домбыра, қобыз сынды аспаптарды жетік меңгерген күйшілер қазақтың дәстүрлі ән өнерінің үздік шығармалары орындады. Орталықтың экспозициялық залында №152 мектеп оқушылары Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Ақан сері Қорамсаұлы сынды тұлғалардың бейнесін жаңғыртып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, іс-шара барысында қолөнер шеберінің және араб каллиграфиясының шеберлік сағаттары өтті.
24.05.2019Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР