"Қазақтың дүлдүл әншісі" атты Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевпен кездесу өтті.
Бүгін Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында "Қазақтың дүлдүл әншісі" атты Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевпен кездесу өтті. Кездесуде әнші өзінің ән өнеріне келу тарихын, балалық шағын, ұстаздарын т.б. естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, өзінің репертуарындағы "Дариға-Дәурен", "Қапездің қоштасуы" сынды әндерді орындап, музей қонақтарының қошеметіне бөленді. Кездесуге Алатау, Әуезов, Наурызбай ауданының ардагерлері арнайы қонақ болды.
26.06.2019Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР