Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

«AMANAT music»  ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі

«AMANAT music»  ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, сонымен бірге «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасының қолдауымен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-ұстаз Сәуле Жанпейісованың жетекшілігіндегі «Аманат» өнер орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28-30 маусым аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «AMANAT musiс» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі өтеді.

Конкурс-фестиваль үш кезеңнен тұрады.

Алматы қаласында өткелі отырған аталмыш фестивальдің 2-кезеңіне 16 наурыз бен 16 маусым аралығында еліміздің 13 облыс орталығы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1-кезеңдегі іріктеуден өткен 400-ге тарта өнерпаз қатысады.

28 маусым күні 15.00-де Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, кешкі сағат 18.00-де орталықтың жаздық алаңында өнер шеберлерінің қатысуымен концерт өткізіледі.

30 маусым күні, сағат 19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында фестиваль жеңімпаздары мен Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерті өтеді.

Республикалық сайыстан өткендер 1-4 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «AMANAT musiс» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің 3-кезеңіне жолдама алып, шетелдік өнерпаздармен сайысқа түсетін болады.

Шілде-қазан аралығында Түркия, Германия, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Монғолия, т.б. мемлекеттеріне барып, талантты жастарды іріктеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

27.06.2019