"Amanat music" ІІ Республикалық конкурс-фестивалі өтті
28 маусым күні өткен "Amanat music" ІІ Республикалық конкурс-фестивалінің аясында Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында өткен шеберлік сағаттары өтті. Шеберлік сағаттарды дәстүрлі ән айту бағыты бойынша ҚР еңбек сіңірген әртісі Ардақ Исатаева, аспаптарда орындаушылық бағыты бойынша Құрманғазы атындағы Ұлт аспаптар оркестрінің Бас дирижері Абылай Тілепберген, дәстүрлі музыка бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова жүргізді. Фестивальға түрлі өңірден келген талантты жеткіншектер дәстүрлі әншілердің алдында өз өнерлерін көрсетіп, кеңестерін алып, дауыстарын, орындаушылық шеберліктерін шыңдай түсті.
04.07.2019Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР