Конституция күніне орай «Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң!» атты дөңгелек үстел болып өтті
28 тамыз күні Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Конституция күніне орай «Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң!» атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Алатау ауданының ішкі істер басқармасына қарасты ювенальды полицияның аға лейтенанты Дарикулов Исатай кәмелетке толмаған балалардың құқықтары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Іс-шараға №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен №180 орта мектептің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Чапай Төре «Молдабайдың әні», «Он саусақ» сынды қазақтың дәстүрлі ән өнерінің классикалық туындыларын орындап, балалардың ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында дәстүрлі әнші балалармен қосылып Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады. Іс-шараның ресми бөлігі аяқталған соң, орталық қызметкерлері келген қонақтарға музейдің экспозициялық залында орналасқан төрт мектепке бөлінген қазақтың дәстүрлі ән өнерінің бірегей тұлғаларының домбыралары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, балалар 3-D голограмма арқылы қазіргі таңдағы дәстүрлі әншілердің орындауындағы әндерді және мультимедиялық залдан қазақтың тұрмыс-тіршілігі арқылы қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дамуын тамашалады.
28.08.2019Алматы қаласы музейлер бірлестігі
Д.А.Қонаев музей-үйі
Алматы музейі
Н.Тілендиевтің мемориалды музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені
Д.А. Қонаев музейі
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР