Біз әлеуметтік желілерде:
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

«Үнің кетпес құлақтан...» атты Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған әдеби- сазды шығармашылық кеш өтті

27 қыркүйек күні Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Үнің кетпес құлақтан...» атты Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған әдеби- сазды шығармашылық кеші өтті. Кешке қонақ болып Жәнібек Кәрменовтың аяулы жары Тұрар Бәйгенқызы, ұлы Шахкерім Карменов,Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, курстасы – Нұртілеу Иманғали, ҚР Мәдениет қайраткері, елімізге танымал дәстүрлі әнші – Әділет Муса, ҚР мәдениет қайраткері Болатбек Тұрсынханұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,әнші өнер танушы, композитор – Бағлан Бәбіжан, ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші –  Талғат Әбуғазы. Әдеби-сазды шығармашылық кеш соңы музей түніне ұласып, «Алатау» этно-фольклорлық тобы концертімен жалғасын тапты. 

01.10.2019